«Парыз» конкурсына қатыс» 2013 жылғы 20 қыркүйегіне өңірлердегі жаңалықтар



Ақмола облысы
«Парыз» Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсты ұйымдастыру шеңберінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы нысаналы аудиториялармен жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі күні конкурсқа қатысу үшін 23 кәсіпорын ниет білдірді.
Ақтөбе облысы
«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық конкурсқа қатысу үшін ұйымдарды тарту мақсатында ірі кәсіпорындарға конкурстың шарттары түсіндірілген хаттар жолданды.   Өңірдегі халыққа БАҚ-ы арқылы хабарландырылды. 30 ұйым конкурсқа қатысуға ниет білдірді.
Алматы облысы
«Парыз» конкурсына  дайындалу шеңберінде ағымдағы жыл басынан қалалар мен аудандарда кәсіпорындармен және ұйымдармен ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілуде. Конкурсты өткізу қағидалары БАҚ-нда Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының веб-сайттарында орналастырылды. Бүгінгі күнге әр түрлі  меншік нысандарындағы себъектілерден 14 өтінім қабылданды.
Атырау облысы
«Парыз» Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсты ұйымдастыру шеңберінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы нысаналы аудиториялармен жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні конкурсқа қатысу үшін 7 кәсіпорын ниет білдірді.
Алматы қаласы
Ірі қала аудандарының әкімдіктері жұмыс берушілердің конкурсқа қатысуын насихаттау мақсатында кәсіпкерлермен кездесулер, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, БАҚ-на мақалалар мен сұхбаттар жарияланды. Қалада 21 ұйымы конкурсқа қатысуға ниет білдірді.
Солтүстік Қазақстан облысы
Уәкілетті органдар кәсіпорындарды тарту мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өңірдегі 972 кәсіпорында түсіндіру жұмыстары өткізілді. Облыстық және аудандық БАҚ-та мақалалар мен жарияланымдар жарық көрді. Қазіргі уақытта «Парыз» республикалық конкурсына қатысуға 21 кәсіпорын өтініш берді.
Шығыс Қазақстан облысы
Конкурсты өткізу туралы хабарландырулар, оған қатысу шарттарына түсіндірмелер облыстың  бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік органдардың веб-сайттарына орналастырылған. Бүгінгі таңда «Парыз» республикалық конкурсына қатысуға 48 шаруашылық субъектісінен өтініш келіп түсті.
Павлодар  облысы
«Парыз» конкурсына  дайындалу шеңберінде ағымдағы жыл басынан қалалар мен аудандарда кәсіпорындармен және ұйымдармен ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілуде. Конкурсты өткізу қағидалары БАҚ-нда Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының веб-сайттарында орналастырылды. Бүгінгі күнге әр түрлі  меншік нысандарындағы себъектілерден 7 өтінім қабылданды.
Қарағанды облысы
Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктері жұмыс берушілердің конкурсқа қатысуын насихаттау мақсатында кәсіпкерлермен дөңгелек үстелдер, кездесулер, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, БАҚ-на мақалалар мен сұхбаттар жарияланды. Облыстың 13 ұйымы конкурсқа қатысуға ниет білдірді.
Қостанай облысы
«Парыз» конкурсына қатысуды насихаттау шеңберінде кәсіпорындар мен халық арасында конкурс шарттарын түсіндіру жөнінде кешенді шаралар іске асырылды – конкурсқа қатысуға 13 кәсіпорын ниет білдірді.
Маңғыстау облысы
Өңірдің барлық деңгейінде екі тілде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Облыстың аудандардың, қалалардың әкімдерінің сайттарына хабарландырулар орналастырылған. Бүгінгі күнге 4 кәсіпорын өтінім берді.
Батыс Қазақстан облысы
«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық конкурсқа қатысу үшін ұйымдарды тарту мақсатында ірі кәсіпорындарға конкурстың шарттары түсіндірілген хаттар жолданды.   Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық арасында түсіндіру жұмыстары өткізілді. 26 ұйым конкурсқа қатысуға ниет білдірді.
Астана қаласы
«Парыз» конкурсына қатысуды насихаттау шеңберінде кәсіпорындар мен халық арасында конкурс шарттарын түсіндіру жөнінде кешенді шаралар іске асырылды – конкурсқа қатысуға 3 кәсіпорын ниет білдірді.
Жамбыл облысы
«Парыз» конкурсына  қатысу өтінімдерді қабылдау шарттары мен критерийлерін түсіндіру бойынша жоспарлы режимде жұмыстар жүргізіледі.
Бүгінгі күнге өңірдің 27 кәсіпорын өтінім берді.
Кызылорда облысы
Өңірдің барлық деңгейінде екі тілде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Облыстың аудандардың, қалалардың әкімдерінің сайттарына хабарландырулар орналастырылған. Бүгінгі күнге 5 кәсіпорын өтінім берді.
Оңтүстік Қазақстан облысы
Ұйымдастырушылық және БАҚ-на түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында конкурсқа қатысатын кәсіпорындардың саны 25-ті құрайды.

Қазақ