«Парыз» конкурсына қатысушылардың бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі тәжірибелері



Экономикасы нарықтық деп танылған және де өзінің инновациялық әлеуетін өсіріп жатқан   Қазақстан үшін әлеуметтік-еңбек саласының проблемаларын шешудегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілік бағыты өзекті болып табылады.
Міне 2008 жылдан бастап, жыл қатарынан желтоқсан күндерінде, Мемлекет басшысы жеке өзі  бастап берген бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау игі дәстүрге айналды. 
Конкурсты «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасы,   Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы және Қоршаған ортаны  қорғау министрлігі бірлесіп ұйымдастырады. 
Бизнес-құрылымдардың конкурсқа қатысу процессі кәсіпорынның әлеуметтік бағдарлы әрекетінің үлгісін қалыптастыруға, өңірлер мен ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға, әлеуметтік салада көрсетілетін қызметтерді кеңейтуге белсенді түрде ықпал етеді. Персоналдың әлеуметтік ахуалын жақсарту және өз өңірінің  немесе кәсіпорнының маңызды проблемаларын шешуге қатысу барлық табысты кәсіпкерлердің моральдық қажеттілігіне айналуда.  
    2011 жылдан бері «Үздік ұжымдық шарт», «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» және «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» 3 номинацияға қосымша «Экологияға қосқан үлесі үшін» деген номинация қосылды. Аталған   номинацияда қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған  табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асырумен ерекшеленген үміткерлердің қызметі қаралады.  
    Жыл өткен сайын әлеуметтік жауапкершілікті пайымдауға деген қызығушылықтың артқаны байқалады – 2008-2012 жылдары «Парыз» конкурсына еліміздің барлық өңірлерінен   2186 (2012 жылы – 525) –ден аса кәсіпорын қатысты.  

  2012 жылы «Үздік ұжымдық шарт»  номинациясы бойынша 141 кәсіпорын өтінім берді. Бұл лайықты еңбекке қол жеткізудің негізгі жолы болып табылады. Ол жалақыға, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға, оның ішінде  адамдардың   экологиялық қауіпсіздігіне, мамандарды кәсіптік даярлау және біліктілігін арттыруға қатысты. 
 «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясына 230 кәсіпорындар өтінім берді. Бұл номинацияның мақсаты әлеуметтік бағдарлы үлгісін қалыптастыруға белсенді ықпал етуде.
«Үздік әлеуметтік жоба» практикасы өңірлер мен елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамытуға ықпал етеді.   Білім беру, емдеу және спорт нысандары салынып, ауылдардың инфрақұрылымы дамытылуда.  Бұл әлеуметтік салада көрсетілетін қызметтер тізбесінің кеңеюіне әкеледі.  Сайып келгенде,  осының барлығы халықтың өмір сүру деңгейінің жақсаруына тікелей әсер етеді.   Жалпы республика өңірлері бойынша  «Парыз» конкурсының «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясына 82 әлеуметтік жоба ұсынылды.
 2011 жылы «Парыз» конкурсының қатысушылардың әлеуметтік жауапкершілігінің  мынадай үлгілерін келтіруге болады. «ТШО» ЖШС  «Игілік» бағдарламасын іске асыру үшін  2 млрд. 9 млн. теңге жұмсады, оның ішінде Құлсары қаласындағы «Сумен жабдықтау жүйесін қайта құру» жобасына. Атырау облысында білім беру және денсаулық сақтау салаларын жақсартуға бағытталған әлеуметтік инвестициялық бағдарламаларына 116 млн. теңге бөлген.
      2010-2011 жылдары «Казатомөнеркәсіп» Астана қаласында Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық сарайын салуға 23,7 млрд. теңге қаражат бөлген. Шағын кәсіпкерлік субъекті ретінде «Екі дос» ЖШС Шығыс Қазақстан облысының Ақсу ауылында 38,8 млн. теңгені құрайтын әлеуметтік маңызы бар жобаларын іске асырды. «Иволга-Холдинг» компаниясы мәдениет, спорт, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау салаларына қолдау көрсетіп отырады - 2011 жылы қайырымдалыққа 324 млн. теңге бөлді.  
    «Үлбі металлургия зауыты» әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін күтуіне 825,4 млн. теңге құрады. Демеушілікке және қайырымдылыққа  25,5 млн.теңге бөлді.
     2 жыл бойы өткізілген «Экологияға қосқан үлесі үшін» деген номинацияға 195 кәсіпорын қатысты.

2012 жыл  Конкурсқа қатысушылардың жаңа жетістіктерімен атап өтілді.
«ҚазТрансОйл» АҚ-сы жалпв сомасы 4,1 млрд теңгеге әлеуметтік объектілерінің құрылысын, оның ішінде: Үшарал қаласында тұрғын үйді, Павлодар қаласында 5 көп фунционалды спорт алаңдарын, Орал қаласында  бес қабатты 6 тұрғын үй құрылысын, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Семей және Өскемен қалаларында 6 көп функционалды спорт алаңдарының құрылысын, Қарағанды облысының Атасу ауылында 170 орынды балабақша құрылысын,Үшарал қаласында 2 көп функционалды спорт алаңының құрылысын, Павлодар қаласындағы көп функционалды спорт кешенінің құрылысын қаржыландырды. Компания жалпы 2,6 млрд теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті.
«Ақсайгазсервис» АҚ кейіннен 5 жылға дейін ұзартумен, яғни 2015 жылға дейін 3 жылға шарт жасады. Ұжым таяу 5-7 жылға жұмыспен және тұрақты жалақымен қамтамасыз етілген, орташа айлық жалақы 61,5 %-дан астам арттырылды. 2011 жылы персоналды оқытуға кеткен шығындар 10,1 млн теңгені құрады. Жыл сайын Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді шешу үшін 95 млн теңгеден артық шығыс шығады. Қоғамның барлық қызметкерлерін ерікті медициналық сақтандыру 2011 жылы 22 млн теңгені құрады.
«Лукойл Оверсиз Сервис Б.В» (орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері) Астана қаласындағы филиалы Ақтөбе (2010 жылдан) және Маңғыстау (2007 жылдан) облыстарында «Арай» әлеуметтік бағдарламасын іске асырып жатыр.
Бағдарлама ауыл аудандары тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға көмектеседі, олардың іскерлік және шығармашылық белсенділігін ынталандырады, жаңа жұмыс орындарымен қамсыздандырады, шағын бизнес және халықты жұмыспен қамтудың дамуына көмектеседі, әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастырады. Бағдарлама шағын бизнестің дамуына 850 мың теңге көлемінде тегін гранттар алуға мүмкіндіктер береді. 500 грант бөлінген.
Жалпы 2007 жылдан бері Компания демеушілік қызметке 300 млннан астам АҚШ долларын жіберді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері әлеуметтік жаупкершіліктің дамуына қолынан келгенше үлес қосады.
«Ахмутдинов» ЖК-де (Солтүстік Қазақстан облысы). Қайырымдылық пен демеушілікке: балабақшаларға, интернаттарға, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары зейнеткерлерге, ҰОС ардагерлеріне, мұгедектерге және табысы аз адамдарға, аудан орталығын абаттандыруға жәрдемдесуге, облыстың хоккей қораптары және стадиондарының құрылысына 4,8 млн теңге бөлінді. 32 млн теңге мөлшерінде қызметкерлерге 4 жеке үй салынып, пайдалануға енгізілді.
Конкурстың қорытындылары Қазақстан кәсіпорындарының әлеуметтік жауапты бизнестің алға басуын және тиімділігін дәлелдейді. Конкурсқа қатысушылар 5 жыл ішінде 152 млрд теңгеге 445 әлеуметтік жобаны іске асырды.

Қазақ