Конкурс туралы хабарландыру



Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурс 2013жылдан бастап жүргізілетінін хабарлайды.
 
Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүргізіледі және оған жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі - үміткерлер) қатыса алады. Конкурс лауреаттарының атақтары екі санат бойынша:

  1. шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;
  2. ірі кәсіпкерлік субъектісі;

және мынадай номинациялар бойынша беріледі:
1.«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».
Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын ұйымдардың қызметі қаралады (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, еңбекті қорғауды ұйымдастыру, кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т.б.).
2.«Жылдың үздік әлеуметтік жобасы».
Бұл номинацияда қоғамға пайдасын беретін және/немесе негізгі қызметке ұзақ мерзімді болашақта оң әсер ететін, әртүрлі тыныс-тіршілік салаларындағы әлеуметтік жобаларды іске асыратын ұйымдардың және өзге де жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі қаралады.
3.«Үздік ұжымдық шарт».
Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер конкурсты ұйымдастырушыларға материалдарды бір данада береді.
 4.«Экологияға қосқан үлесі үшін».
Бұл материалдардың құрамына:
1) қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім;
2) үміткердің өз қызметіне және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелеріне жасаған бағасының деңгейін көрсететін есебі. Үміткердің есебіне мыналар кіреді: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылым; өзге де қосымша ақпарат;
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар).
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернетөресурсында орналысытырған сауалнама болуы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді беру мерзімі - 2010 жылдың 1 желтоқсанына дейін.
Материалдар қағаз және электронды таратушыларда ұсынылады. Мекен-жайы: Астана қ., Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 942 каб.
Электронды адресы: abdiev@enbek.kz, deporg@enbek.kz Этот e-mail защищен от спам-ботов. Для его просмотра в вашем браузере должна быть включена поддержка Java-script
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік әріптестік басқармасы.
 
Қазақстан Республикасы Президентінің
2010 жылғы 16 шілдедегі
№ 1029 Жарлығына
ҚОСЫМША
 
Қазақстан Республикасы Президентінің
2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығымен
бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі
жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізу ережелеріне
қосымша
 
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
«Парыз» конкурсына қатысушының
өтінімі
Тіркеу нөмірі_________________
1. Заңды (жеке) тұлғаның атауы _______________________________
Тіркеу орны бойынша мекенжайы ___________________________
Орналасу орны бойынша мекенжайы ________________________
2. Ұйымның басшысы ______________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты)
3. Байланыс телефондары (телефондары, электрондық пошта мекенжайы және факс нөмірі) _____________________________
4. Құжаттар ұсынылған номинация (астын сызыңыз):
Жылдың үздік әлеуметтік жобасы;
Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын;
Үздік ұжымдық шарт;
Экологияға қосқан үлесі үшін.
5. Ірі, орта, шағын кәсіпкерлік субъектісі (астын сызыңыз)
6. Сала ___________________________________________________
7. Қызметкерлерінің саны ___________________________________
8. Заңды (жеке) тұлғаның қызметі туралы қысқаша сипаттама (немен айналысады)_____________________________________________
9. Заңды (жеке) тұлғаның алған наградалары ____________________
10. Өтінімге сауалнама тіркелген және қосымша ___ парақта
11. Ұсынған материалдар мен көрсеткіштер дұрыс
Қолы
Мөрі
Күні  

Қазақ