«MKS Logistics» ЖШС



Номинация: «ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПТЫ КӘСІПОРЫН»

Санат: Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі

Кәсіпорынның атауы: «MKS Logistics» ЖШС

Басшысы: Серсембаев Мұрат Серікқазыұлы

Өңір: Маңғыстау облысы

 

Саласы: тасымалдау және сақтау

Кәсіпорынның құрылған жылы: 2007 жылы

Қызметкерлер саны: 44 адам

Өткен жылдардағы номинация: жоқ

    «MKS Logistics» ЖШС транспорттық және логистикалық қызметтер көрсетеді. Негізгі қызметі ТМД және ЕО елдері арасындағы, Қытай мен Батыс және Шығыс Еуропа елдері арасындағы халықаралық және Қазақстан ішіндегі жүк тасымалы болып табылады.

    Жаңа 5 жұмыс орны құрылған.

    Кәсіпорын «Здоровье детям» қоғамдық қоры», Қазақстан Республикасының «Жазушылар одағы», «Қазақ соқырлар қоғамы», «DAMU Көмек» сынды қайырымдылық жобаларына үнемі қатысып отырады.

    2018 жылы компания Ақтау қаласындағы оқушылар мен студенттерге арналған «Стартап Каспий 2018» байқауына 1 млн. теңге қаржылай демеушілік жасаған. Мұнайлы ауданы, Қызыл төбе ауылындағы №2 мектептің алаңы үшін қаржы бөлген.

    Бір қызметкерді оқытуға, кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға кететін шығын жылдық табыстың 0,01%-ын, яғни                                         1 қызметкерге 49 мың теңгені құрайды.

    1 қызметкердің еңбегінің қорғалуына және қауіпсіздігіне кететін шығын жылдық табыстың 0,04%-ын, яғни 1,3 млн. теңгені құрайды.

    Қызметкерлерге арналған орташа жалақы көлемі 94 мың теңгені құрайды.

    1 қызметкерге арналған әлеуметтік пакет (жұмысшыға заңда қарастырылған кепілді нормаларға қосымша берілетін жәрдемақы, қосымша ақы және өтемақы) – 518 мың теңге.

 

Категория предпринемательства: 

Қазақ

Год: 

2 018г.