«Novus Polymer» ЖШС



Номинация: «ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК КӘСІПОРЫН»

Санат: Ірі кәсіпкерлік субъектісі

Кәсіпорынның атауы: «Novus Polymer» ЖШС

Басшысы: Акел Абдурахим

Өңір: Алматы облысы

 

Саласы: пластик өнімдер өндірісі

Кәсіпорынның құрылған жылы: 1994 жылы

Қызметкерлер саны: 150-ден астам адам

Өткен жылдардағы номинация: жоқ

 

    «Novus Polymer» ЖШС 700-ден астам адам тікелей жұмыс жасайтын, ал жанама түрде дилерлермен жұмысын ескергенде,  Орталық Азиядағы 5000 адамды жұмыспен қамтып отырған компаниялардың қатарына кіреді.

    «Novus Polymer» ЖШС экономикалық және әлеуметтік жауапты: жаңа жұмыс орындарын құрады, бизнестің ашықтығын қамтамасыз етеді, қайырымдылық көмек көрсетеді, сенімді жұмыс беруші имиджіне мән беріп, берген барлық уәделерін орындайды.

    Өндірісте жазатайым оқиғалар орын алмаған.

    Компания Қазақстан Республикасының білім мекемелерімен жұмыс жасайды. Түрлі ЖОО студенттері тұрақты түрде компанияда оқу практикасынан өтіп отырады және жақсы нәтиже көрсеткен студенттер компания штатына толыққанды қызметкер ретінде жұмысқа қабылдана алады. Компания жас мамандарды жұмысқа қабылдауға мүдделі.

    «Novus Polymer» ЖШС еңбекті қорғау қызметі жұмыс жасайды. Қызмет учаскілер жұмысының барлық процесін бақылайды. Әр цехтағы қызметкерлердің қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша біліктілігі арттырылған. Барлық қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен қамтылған. Зиянды аумақта жұмыс жасайтын қызметкерлердің денсаулығын сақтау үшін оларға сүт өнімдері мен респираторлық маскалар беріледі.

      1 қызметкердің еңбегін қорғауға кететін шығын 35 мың теңгені құрайды. 

Категория предпринемательства: 

Қазақ

Год: 

2 018г.