«NFC Kazakhstan» ЖШС



Номинация: «ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК КӘСІПОРЫН»

Санат: Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі

Кәсіпорынның атауы: «NFC Kazakhstan»  ЖШС

Басшысы: Цин Цзинман

Өңір: Павлодар облысы

 

Саласы: құрылыс

Кәсіпорынның құрылған жылы: 2005 жылы

Қызметкерлер саны: 240 адам

Өткен жылдардағы номинация: жоқ

    «NFC Kazakhstan» ЖШС қызметінің саласы жобалау, сатып алудан бастап объектіні салуға дейінгі барлық кезеңдерде ірі түсті металлургия жобалары бойынша жұмыстарды орындаудың барлық процесін қамтиды.

    Компания Қазақстандағы жалғыз бастапқы алюминий өндіретін, қуаты жылына 250 мың тоннаны құрайтын «Қазақстан электролиз зауытын» салған.

    «NFC Kazakhstan» ЖШС-да салауатты және ыңғайлы еңбек жағдайларын жасауға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық және санитариялық-гигиеналық іс-шаралардың жоспарлануын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін еңбекті қорғауды басқару жүйесі жұмыс істейді.

    Өндірісте жазатайым оқиғалар болмаған.

    Компанияда СТ РК OHSAS 18001-2008 талаптарына сәйкес денсаулық және кәсіби қауіпсіздік менеджменті жүйесі енгізілген және ол жұмыс жағдайында сақталып, үнемі жақсартылып отырады.

    Барлық өндірістік объектілер және жұмыс орындары еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткен.

    1 қызметкердің еңбегінің қорғалуына және қауіпсіздігіне кететін шығын жылдық табыстың 1,0%-ын құрайды.

    1 қызметкердің еңбегін қорғауға кететін шығын 502 мың теңгені құрайды.

 

 

Категория предпринемательства: 

Қазақ

Год: 

2 018г.