«Экотон-Батыс» ЖШС



Номинация: «ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК КӘСІПОРЫН»

Санат: шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі

Кәсіпорынның атауы: «Экотон-Батыс» ЖШС

Басшысы: Баймұқанов Нариман Маратұлы

Өңір: Ақтөбе облысы

 

Саласы: кеуек бетон өндірісі

Кәсіпорынның құрылған жылы: 2007 жылы

Қызметкерлер саны: 172 адам

Өткен жылдардағы номинация: жоқ

    «Экотон-Батыс» ЖШС Қазақстанның батыс өңірінде жаңа технологияларды қолданатын және енді игеріле бастаған сала – газ-бетон өндірісімен айналысатын кәсіпорын.

    Әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі компанияға білікті мамандарды тартуға және кадрлардың кетуін төмендетуге ықпалын тигізеді және өндірістік қызметтің табысты негізі болып табылады.

    Кәсіпорында орын алған тәртіп бұзушылықтарды жою бойынша шұғыл шараларды қабылдау үшін ережелерді, қауіпсіздік нормаларын сақтауға және жұмыс орнындағы еңбекті қорғауға бақылау жүргізіліп отырады.

    Технологиялық процестерді барынша автоматтандыруды, машиналар мен қондырғылардың жылжымалы және айналмалы бөлшектерін қоршау, қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша міндетті оқыту және басқа да алдын алу шараларын қамтитын профилактика жұмыстары жүргізілетіндіктен, өндірістік жарақаттар болмаған.

    Барлық өндірістік объектілер және жұмыс орындары еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткен.

    1 қызметкердің еңбегінің қорғалуына және қауіпсіздігіне кететін шығын жылдық табыстың 0,6%-ын құрайды.

    1 қызметкердің еңбегін қорғауға кететін шығын 104 383 мың теңгені құрайды.

 

Категория предпринемательства: 

Қазақ

Год: 

2 018г.