«Қаражамбасмұнай» АҚ



Номинация: «ҮЗДІК ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ»

Санат: Ірі кәсіпкерлік субъектісі

Кәсіпорынның атауы: «Қаражамбасмұнай» АҚ

Басшысы: Ли Тецян

Өңір: Маңғыстау облысы

 

 

Саласы: мұнай өңдеу

Кәсіпорынның құрылған жылы: 1986 жылы

Қызметкерлер саны: 2 314 адам

Өткен жылдардағы номинация: жоқ

    Қаражанбас кен орны ТМД-дағы ең ірі, терең емес, өте тұтқыр мұнай кен орны болып табылады. Мұнай ауыр және өте шайырлы. Ерекшелігі – онда ванадий мен никельдің болуы.

    1 қызметкерді оқытуға, кәсіби дайындауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға кететін шығын – 43 мың теңге.

    1 қызметкердің еңбегінің қорғалуына және қауіпсіздігіне кететін шығын 306,5 мың теңге.

     Қызметкерлерге арналған орташа жалақы көлемі 560 мың теңгені құрайды.

     1 қызметкерге арналған әлеуметтік пакет (жұмысшыға заңда қарастырылған кепілді нормаларға қосымша берілетін жәрдемақы, қосымша ақы және өтемақы)2 млн. теңге.

     Ұжымдық шарт байқаулар мен шолулардың, түрлі ведомствалық және басқа грамоталар нәтижесі бойынша біржолғы қаржылай сыйақы беру, бір жарым жасқа толғанға дейінгі баланың күтіміне байланысты ақысыз демалыста жүрген қызметкерлерге ай сайын қаржылық көмек көрсету туралы, сатып алынған дәрілерді өтеу, қызметкерлердің тікелей туыстарын жерлеу үшін біржолғы ақы төлеу туралы, мерейтойлық жасқа арналған біржолғы жәрдемақы төлеу туралы, баланың тууына / некеге тұруға арналған материалдық көмек көрсету туралы және т.б.  ережелерді қарастырады.

     Компания жұмысшыларының басқарылатын ағыны бойынша жол картасы жасалған.

Категория предпринемательства: 

Номинация: 

Қазақ

Год: 

2 018г.