«Белое АГРО» ЖШС



Номинация: «ҮЗДІК ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ»

Санат: Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі

Кәсіпорынның атауы: «Белое АГРО» ЖШС

Басшысы: Әлжанов Талгат Сейілбекұлы

Өңір: Солтүстік Қазақстан облысы

 

 

Саласы: өсімдік шаруашылығы

Кәсіпорынның құрылған жылы: 2004 жылы

Қызметкерлер саны: 50 адам

Өткен жылдардағы номинация: жоқ

    «Белое АГРО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – ауданның алдыңғы қатарлы шаруашылықтарының бірі. Шаруашылық қызметінің негізгі бағыты дәнді дақылдарды өндіру және сату болып табылады. Одан бөлек,  2012 жылдан бері серіктестікте мал шаруашылығы саласы дамуда.

    1 қызметкерді оқытуға, кәсіби дайындауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға кететін шығын – 10 мың теңге.

    1 қызметкердің еңбегінің қорғалуына және қауіпсіздік шараларына бағытталған қаржыландыруға бөлінетін қаржы – 15 мың теңге.

    Қызметкерлердің орташа жалақы көлемі 89 мың теңгені құрайды.

    1 қызметкерге арналған әлеуметтік пакет (жұмысшыға заңда қарастырылған кепілді нормаларға қосымша берілетін жәрдемақы, қосымша ақы және өтемақы)80 мың теңге.

    Ұжымдық келісімнің шарттары келесідей қосымша жеңілдіктер мен кепілдіктерді қарастырады:

    егер мамандық сұранысқа ие болса, білім беру ұйымдарында оқитын қызметкерлерге орташа айлық жалақы мөлшерінде ақылы демалыс беріледі;

    курорттық-санаторийлік емделу жолдамасы құнының 30%-ы төленеді;

    қызметкерлердің балаларына сауықтыру лагерьлеріне баруға берілетін жолдаманың 50%-ы төленеді;

    2 және одан көп баласы бар әйел адамдарға ақылы еңбек демалысы қосымша күнтізбелік 2 күнге ұзартылады.

Категория предпринемательства: 

Номинация: 

Қазақ

Год: 

2 018г.