Номинация: «ҮЗДІК ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ»
Санат: Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі
Кәсіпорынның атауы: «Іңкәр-1» ЖШС
Басшысы: Әтенова Үмітжан Балтабайқызы
Өңір: Қарағанды облысы
Саласы: машина жасау және металл өңдеу
Кәсіпорынның құрылған жылы: 1998 жылы
Қызметкерлер саны: 84 адам
Өткен жылдардағы номинация: жоқ
«Іңкәр-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1998 жылдан бастап Қазақстандағы машина жасау және металл өңдеу саласындағы тауар өндіруші болып табылады.
1 қызметкердің еңбегінің қорғалуына және қауіпсіздік шараларына бағытталған қаржыландыруға бөлінген қаржы – 130 мың теңге.
Қызметкерлерге арналған орташа жалақы көлемі 174 мың теңгені құрайды.
1 қызметкерге арналған әлеуметтік пакет (жұмысшыға заңда қарастырылған кепілді нормаларға қосымша берілетін жәрдемақы, қосымша ақы және өтемақы) – 250 мың теңге.
Ұжымдық келісімнің шарттары келесідей қосымша жеңілдіктер мен кепілдіктерді қарастырады:
жұмыс беруші жұмыс орнында қайтыс болған, еңбекке жарамсыздық немесе кәсіптік аурулар салдарынан 1-топтағы мүгедектігі бар жұмысшылардың (кәсіпорындағы сұранысқа ие мамандықтары бар) туыстарын жұмысқа қабылдауға міндеттенеді;
ауыр операциялардан өткен әйелдерді оңалту мақсатында, егер олар мемлекеттік-әлеуметтік сараптама қорытындысына сәйкес уақытша жеңілдетілген жұмысқа ауыстыруды қажет етсе, олардың барлық ауысу кезеңіне орташа жалақысын сақтауға міндеттенеді;
үздіксіз жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлерге 2 жылдық жұмысына қосымша ақылы еңбек демалысы ретінде – 6 күнтізбелік күн, 5 және одан да көп жылдық жұмысқа – қосымша ақылы 11 күнтізбелік күн еңбек демалысы беріледі.
Категория предпринемательства:
Номинация: