«РУ-6» ЖШС



Номинация: «ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК КӘСІПОРЫН»

Санат: Ірі кәсіпкерлік субъектісі

Кәсіпорынның атауы: «РУ-6» ЖШС

Басшысы: Садырбаев  Жандос Айтқазыұлы

Өңір: Қызылорда облысы

 

Саласы: уран өндірісі

Кәсіпорынның құрылған жылы: 1983 жылы

Қызметкерлер саны: 412 адам

Өткен жылдардағы номинация: жоқ

    «РУ-6» ЖШС уран бар шикізаттарды өндіру және қайта өңдеумен айналысады.

    «РУ-6» ЖШС-да өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғауды басқару жүйесі жұмыс жасайды және 4 сатылы өндірістік бақылау жүзеге асырылып отырады. 

    Өндірісте жазатайым оқиғалар орын алмаған.

    Жұмыс жағдайы бойынша барлық өндіріс объектілері және жұмыс орындары аттестаттаудан өткен.

    Шарттары әлеуметтік қорғау және жәрдемақы, еңбекті қорғау, еңбекақы, демалыс және еңбек режимі болып анықталған ұжымдық келісім қабылданған.

    Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша өндірістік кеңес құрылған және техникалық еңбек инспекторлары сайланған.

    «РУ-6» ЖШС-ның өндірістік қызметі халықаралық OHSAS 18001:2007 (кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы менеджмент жүйесі) стандарттау жүйесімен сертификатталған.

    1 қызметкердің еңбегінің қорғалуына және қауіпсіздігіне кететін шығын жылдық табыстың 6,5%-ын құрайды.

    1 қызметкердің еңбегін қорғауға кететін шығын 745 мың теңгені құрайды.

Категория предпринемательства: 

Қазақ

Год: 

2 018г.