«Жәйрем кен-байыту комбинаты» АҚ



                                           «Жәйрем кен-байыту комбинаты» АҚ

                                             (Қарағанды облысы, Жәйрем кенті)

 

Кәсіпорынның құрылған жылы: 1994 жыл

Қызметкерлер саны: 1965 адам

Саласы: Тау-кен-металлургия

Өткен жылдардағы номинация: жоқ

 

        «Жайрем тау-кен байыту комбинаты» АҚ 1994 жылы тіркелген, Қазақстандағы марга­нец және барит концентраттарының негізгі өндірушісі және экспорттаушысы болып та­былады, оның өз иелігінде ірі минералдық шикізат базасы, дамыған өнеркәсіптік инфрақұрылымы бар.

          Компания қайырымдылыққа және демеушілікке ерекше көңіл аударады. Кәсіпорын мешіт, тұрғын үйлер, қонақүйлер, жатақханалар күтіміне қолдау көрсетеді. М.Ж. Дәрібеков атындағы спорттық кешен қызметін қамтамасыз етуге қаражат бөледі. 2015 жылдан бері компанияда бір мезгілдік төлемдер түрінде материалдық көмек көрсету (жас жұбайлардың неке қиюына, жас отбасы­ларында сәби дүниеге келгенде), сауықтыруға, оқуға жолдама беру, көмір сатып алуға көмек көрсету, оқуға ақша төлеу, қосымша дема­лыстар және т.б. көзделген жұмыскерлерге арналған әлеуметтік кепілдіктерді сақтау тура­лы ортақ шешім әрекет етеді.

         Өндірістегі жазатайым оқиғалар орын алған жоқ.

         Жайрем к. әлеуметтік жобаларды іске асыруға компания жалпы сомасы 1,2 млрд. теңге болатын қаражат бөлген.

          2017 жылы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін қолдауға жұмсалған кәсіпорын шығыны 450,9 млн. теңге құрайды.

          Әлеуметтік жобаларға, демеушілікке және қайырымдылыққа 171 млн. теңге сомасында қаражат бөлінген.

          Жұмысшы мамандықтары бойынша орташа еңбекақы 124 мың теңге құрайды.

Категория предпринемательства: 

Қазақ

Год: 

2 017г.