«KAZMEDPRIBOR Holding» ЖШС



                                           «KAZMEDPRIBOR Holding» ЖШС

                                                      (ОҚО, Еңбекші ауданы)

 

 

Кәсіпорынның құрылған жылы: 2005 жыл

Қызметкерлер саны: 138 адам

Саласы: өңдеу өнеркәсібі

Өткен жылдардағы номинация: Алтын Сапа-2015, «Үздік өнеркәсіптік кәсіпорын» номинациясы бойынша 1-орын.

 

      «KAZMEDPRIBOR Holding» ЖШС медициналық және зертханалық жиһазды өндірумен, медициналық жабдықтар мен медициналық бұйымдарды өндірумен, же­дел медициналық жәрдем автокөліктерін, мобильді жүйелер мен кешендерді жарақтандырумен айналысады. Компанияның өнімдері ISO 13485:2003 халықаралық стан­дартына сай келеді.

      Жұмыскерлерді медициналық сақтандырудың корпоративтік жүйесі енгізілген. Компания жұмыскерлер үшін әлеуметтік пакетті қамтамасыз ету бойынша ұжымдық шарттың талаптарын орындайды.

       Өндірісте жазатайым оқиғалар жоқ.

       Кәсіпорын жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау саласын жақсартуға ерекше көңіл бөледі.

       Компания тарапынан 1 жұмыскерге 30 мың теңге көлеміндегі сыйақы түрінде әлеуметтік пакет, сондай-ақ еңбекақыға белгіленген жалақыдан 25% көлемінде ай сайынғы үстемеақы тағайындалған.

       10 жылдың ішінде компания әлеуметтік жобаларға, демеушілікке және қайырымдылыққа 131 млн теңге бөлген. Кәсіпорын мемлекеттік ауруханалар мен медициналық ұйымдар арқылы көмектеседі. Медициналық жиһазды, аспаптарды, жабдықтарды және жедел медициналық жәрдем автокөліктерін ақысыз ұсынады.

        2018 жылдың басынан бері компания өзінің көп балалы және жас қызметкерлеріне арналған 100 пәтерлі үй құрылысын іске қосқалы жатыр.

        Кәсіпорынның әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын күтіп ұстауға жұмсалатын шығындары 52 млн. теңгені құрайды.

        Жұмыс мамандықтары бойынша орташа еңбекақы 110 мың теңгені құрайды.

        Жылдық табыстың жиынтығынан еңбекақы төлеу қорының үлесі 144 млн. теңгені құрайды. Жұмыскерлерді кәсіптік даярлыққа, қайта даярлыққа және біліктілікті арттыруға жіберу үшін 7,7 млн. теңге бөлініп отыр. Жылдық табыстың жиынтығынан еңбекті қорғау шығындарының үлесі 13 млн. теңгені құрайды.

        31 жаңа жұмыс орны, соның ішінде жастар мен мүгедектер үшін жұмыс орындары ашыл­ды.

Категория предпринемательства: 

Қазақ

Год: 

2 017г.