«КМК МУНАЙ» АҚ



                                                           «КМК МУНАЙ» АҚ

                                                    (Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы)

 

Кәсіпорынның құрылған жылы: 2004 жыл

Қызметкерлер саны: 296 адам

Саласы: мұнай және газ

Өткен жылдардағы номинация: жоқ

 

        «КМК МҰНАЙ» АҚ 2004 жылы 3 кәсіпорынның бірігуі арқылы құрылды.

         Компания стратегиясы қоршаған ортаға және өзінің қызметкерлеріне қамқорлық жасай оты­рып, динамикалық даму, тиімді өндіріс және жоғары қаржылық нәтиже арқылы келешегі зор, танымал және беделді ірі мұнай компаниясына айналу болып табылады.

         Өндірістегі жазатайым оқиғалар орын алған жоқ.

         Компанияның қызметі жүзеге асырылатын Ақтөбе облысын дамыту мақсатында «КМК Мұнай» компаниясы 16,6 млн. теңге аударған.

          2016 жылы «КМК МҰНАЙ» АҚ әлеуметтік жобаларға, демеушілікке және қайырымдылыққа 37 млн. теңге бөлді. 2017 жылы мәдени-ойын сауық шараларын дамыту, Ақтөбе қаласын көркейту мақсатында Болашақ шағын ауда­нында «Made in Aktobe» паркінің құрылысы жоспарланған. Бұл жобаға «Парыз» Ақтөбе қоғамдық қорына 2 млн. теңге бөлінді.

          Компания қайырымдылық акциялары бой­ынша жасалған өтініштерге жақсы көңіл бөледі. Жыл сайын ақшалай қаражат аудара отырып, халықтың әлеуметтік-осал топтарына қолдау көрсетеді.

           Осы жылы компания өз қаражаты есебінен ҚХР-да (Пекин қаласындағы Қытай мұнай университетінде) жоғары білім алу үшін жұмыскерлер балаларын іріктеуді қайта жаңғыртты. Компанияның қайырымдылық қоры жылына шамамен 30 млн. теңгені білім алушыларға жұмсайды.

           Кәсіпорын қызметін дамытудың өзекті тақырыбы бойынша жыл сайын шамамен 80% жұмыскерлер оқытылады. Жыл сайын компа­ния жұмыскерлері компания қаражаты есебінен бііктіліктерін арттыру үшін Қытайға жіберіледі.

           Көптеген жылдар бойы компания жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөлуде. Бүгін күні 30 адам жұмысқа орналасты.

           Жұмысшы мамандықтары бойынша орташа еңбекақы 170 мың теңге құрайды.

Категория предпринемательства: 

Қазақ

Год: 

2 017г.