«Парыз - 2014» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсына арналған брифинг өтті



Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығымен «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсы жарияланды. Ағымдағы жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, ҚР Энергетика министрлігімен және ҚР Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп байқауды жетінші мәрте өткізеді.

Биылғы жылы республикамыздың барлық өңірлерінен 584 кәсіпорын конкурсқа қатысуға өтінім берген. Салыстырып көрсек 2013 жылы - 534; 2012 жылы – 525; 2011 жылы – 509; 2010 жылы – 434; 2009 жылы – 321; 2008 жылы – 296 өтінім түскен еді. Өткізіліп отырған конкурсқа қатысушылар санының  өсуі қазақстандық компаниялары бизнестің әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қолданатынын дәлелдеп отыр. Конкурс өткізіле бастағаннан бері  2,5  мың шағын, орта және ірі бизнес кәсіпорындары қатысқан. 

«Парыз»  конкурсына қатысуға берілген өтінім саны бойынша  Қостанай облысы көш бастап тұр, мұнда  69 кәсіпорын конкурсқа қатысу ниетін білдірген, Шығыс Қазақстан облысынан 56 қатысушы және Павлодар облысынан 50 үміткер бар.

Субъектілердің басым саны «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша байқалады. Осы номинацияға 261 кәсіпорын өтінім берген. «Еңбекті қорғау саласыедағы үздік кәсіпорын» жаңа номинациясына  98 кәсіпорын қатысуда. «Үздік ұжымдық шарт» номинациясына 114 кәсіпорын өтінім берген. «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша 111 өтінім келіп түскен. Конкурстың «Парыз» Гран-при» ең жоғары жүлдесі өз жұмысында және корпоративтік  әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік принциптерін іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.

«Парыз»  конкурсының Гран-при жүлдесіне ие болған компаниялар:

 «Қазақмыс» корпорациясы, 2008 жылы, кәсіпорын Қазақстанда алғашқылардың бірі болып бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі құндылықтары мен принциптерін белсенді жүзеге асыра бастаған. Корпорация өзінің күш-қуатын еңбек қауіпсіздігіне, жалақының тұрақтылығына, қосымша медициналық және әлеуметтік сақтандыруға, өзінің қызметкерлері мен зейнеткерлерін әлеуметтік қорғауға бағыттады. Жергілікті мектеп түлектеріне еліміздің ең мәртебелі жоғары оқу орындарында оқу гранттарын береді. «Қазақмыс» кәсіпорындары қызмет ететін    өңірлердің бәрінде  балабақшалар жұмыс істейді, олардың барлығы корпорация балансына алынған. «Қазақмыс»  баскетбол, волейбол және хоккей командаларына, бокс және күрес секцияларына, «Таеквондо» спорт мектебі мен Футбол академиясына демеушілік көрсетіп келеді.

«Торғай Петролеум» АҚ, 2009 жылы, «Газды кешенді қайта өңдеу қондырғылары» жобасы шеңберінде қазақстандық мазмұны  100%-дық 350-ден астам жұмыс орындарын құрған. 2009 жылы компания қазақстандық мамандарды оқытуға және  кәсіби даярлауға,  техникалық және  бейінді оқытуға 126 млн. теңгеден аса  қаражат жұмсаған.

Компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде 2004 – 2009 жылдары Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы «Демеу» корпоративтік қорының шотына демеушілік көмек ретінде 1,2 млрд. теңге аударған. Халықтың  кедей және осал буындарын, мәдениет және спорт өкілдерін қолдау мақсатында, сомасы 600 млн. теңгеден астам түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырған.    

«СНПС–Актобемунайгаз» АҚ, 2010 жылы, қызметкерлерінің барлық санаттарына берілетін жеңілдіктердің көлемі мен бағытын көбейтіп келеді. мәселен,  2010 жылы демалысқа қосылатын сауықтыру материалдық көмегі 158,8 млн.теңгені құраса, жылдық әлеуметтік пакеттің жалпы мөлшері бір адамға шаққанда - 185,2 мың теңге болды. Демеушілік және қайрымдылық мақсаттарындағы шығыстардың жалпы сомасы 815 млн.теңгені құраған.

«Теңізшевройл» ЖШС, 2011 жылы, 2010 жылы «Игілік», бағдарламасына  2,9 млрд. теңге бөлген, оның негізгі бөлігі Құлсары қаласындағы  «Сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау» жобасы бойынша жұмысты жалғастыруға, 116 млн. теңгесі  денсаулық сақтау, білім беру және оқыту сапасын жақсартуға бағытталған, нөлдік мөлшерлеме бойынша ипотекалық кредит беріп, қызметкерлердің жоғары білі алуына және /немесе жоғары білімнен кейін білімін жалғастыруына  да қаржылай көмек көрсеткен

«Қаз ТрансОйл» АҚ, 2012 жылы, жалпы сомасы 4,1 млрд. теңгеге  әлеуметтік нысандар құрылысын қаржыландырған, оның ішінде: Үшарал қаласындағы тұрғын үй;  Павлодар қаласындағы бес көп функционалды спорт алаңының құрылысы; Орал қаласында  6 бес қабатты тұрғын үй құрылысы;  Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Семей және Өскемен Усть-Каменогорск қаласындағы 6 көп  функционалды спорт алаңының құрылысы;  Қарағанды облысы Атасу кентіндегі 170 орынға арналған  балабақша құрылысы,  Үшарал қаласындағы 2 көп функционалды спорт алаңының құрылысы;    Павлодар қаласындағы көп функционалды спорт алаңының құрылысы салынды.   Компания жалпы сомасы  2,6 млард. теңгеге демеушілік (қайырымдылық) көмегін көрсеткен. 

 «Өскемен  титан-магний комбинаты» АҚ, 2013 жылы - 2013 ж. Өскеменнің және басқа да облыстардың  тұрғындары үшін  Новая Согра, кентінде бір ауысымда 240 орынға арналған емхананы қамтитын құны 1,1 млрд. теңге тұратын медициналық орталық салу жобасын іске асырды.    Компанияның әлеуметтік шығыстары 359 млн. теңгені құраған. Қызметкерлерді оқытуға шамамен 40 млн.теңге жұмсалған.

Әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға шағын кәсіпкерлік субъектілері де  шама-шарқына қарай өз үлесін қосып келеді.  Ауылдың инфрақұрылым нысандарын салу мен қолдаудан бастап әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы  нысандарға дейінгі, бірқатар жобалар ауылды жерлерде іске асырылуда. Шағын бизнес өкілдері – жеке кәсіпкерлер демеушілік және қайырымдылық шараларымен айналысса, ірі компаниялар өңірлердің әлеуметтік саласын дамытудың кешенді бағдарламаларын іске асыруда.    

Биыл «Парыз» конкурсын өткізу бағдарламасында бірқатар өзгеріс бар, атап айтқанда, «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» жаңа номинациясы енгізілді. Номинация жеке кәсіпкерлік субъектілерін, еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін қауіпсіз жағдайларды жасауға ынталандыру үшін енгізілді.   

Қазақ