Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз 2014» конкурсы өтінім қабылдау жалғасуда



Конкурстың  ұйымдастырушылары – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мұраг.), жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің мұраг.), Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы, облыстық және Алматы, Астаны қалаларының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі - ЖАО).

Конкурс номинациялары:

«1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».

Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады;

2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».

Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады»;

«Үздік ұжымдық шарт»

Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер конкурсты ұйымдастырушыларға материалдарды бір данада береді.

«Экологияға қосқан үлесі үшін»

Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.     

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі материалдарды тапсыру керек:

1) қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім

2) үміткердің өз қызметіне және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелеріне жасаған бағасының деңгейін көрсететін есебі (үміткердің есебіне мыналар кіреді: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылым; өзге де қосымша ақпарат)

3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар)

4) үміткер сауалнамасы

Материалдар қағаз және электронды түрде ЖАО (Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар басқармалары)  ұсынылады.

ЖАО әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың алдын ала жасаған қорытындыларын және конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне а.ж. 1 қазанына дейін жібереді.

Конкурс лауреаттары осы атақ берілгеннен кейін үш жыл бойы конкурс эмблемасын жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығын алады.

2014 ж.,  желтоқсан – қорытындылар  шығару, жеңімпаздарды марапаттау.

Қазақ