«Нежинка-Ерке» ЖШС



                                                         «Нежинка-Ерке» ЖШС

                                         (Солтүстік Қазақстан облысы, Нежинка с)

 

Кәсіпорынның құрылған жылы: 2005 ж

Қызметкерлер саны: 347 адам

Саласы: ауыл шаруашылығы

Өткен жылдардағы номинация: жоқ

                 

       «Нежинка-Ерке» ЖШС 2005 жылдан бері жұмыс жасайды. Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі өсімдік және мал шаруашылығы. Қазіргі уақытта ірі қара мал басының жалпы саны– 1681 құрайды, одан 383 бұзау алынды.

        Компанияның өз наубайханасы жұмыс жа­сайды. Сонымен қатар, жабдықталған монша­сы және спорттық кешені бар. Спорттық кешен­ге келушілер мұнда тегін спортпен шұғылдана алады. Қыс мезгілінде тегін қысқы корт жұмыс жасайды. 2010 жылы жүгіру жолдары және трибуналары бар стадион салынды.

        Әлеуметтік жобаларға, демеушілікке және қайырымдылыққа 15,5 млн. теңге бөлінген.

        Компания басшысы 2012 жылы «Меце­нат-2012» марапатына ие болды.

        Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін қолдау үшін 38 млн. теңге бөлінді.

        Кәсіпорын есебінен жыл сайын мектеп оқушыларына жақын маңдағы қалаларға бару мүмкіндігі ұсынылады.

       40 жаңа жұмыс орындары құрылған.

       Өндірістегі жазатайым оқиғалар орын алған жоқ.

       Жұмысшы мамандықтары бойынша орташа еңбекақы 74 мың теңге құрайды.

       Компания басшысы 2012 жылы «Меценат-2012» сыйлығын алған.

     

Категория предпринемательства: 

Қазақ

Год: 

2 017г.