«Ертіс өңіріндегі бройлер құс фабрикасы» ЖШС



                                 «Ертіс өңіріндегі бройлер құс фабрикасы» ЖШС

                                            (Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ)

 

Кәсіпорынның құрылған жылы: 1984 жыл

Қызметкерлер саны: 428 адам

Саласы: ауыл шаруашылығы

Өткен жылдардағы номинация: жоқ

 

      Компания саламатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі.

      Қызметкерлер үшін қажетті санитариялық-гигиеналық жағдай жасалған, арнайы киім мен аяқ киімді уақытында беру жүзеге асырылады. Қызметкерлерге тазалау және дезинфекциялау құралдары, медициналық қобдиша ұсынылады.

      Толыққанды демалысты және денсаулықтың қорғалуына көп көңіл бөлінеді. Компанияда жұмысшылар мен қызметшілердің арасында саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорт залы үстелімен теннис жабдықталған, футбол және волейбол командалары құрылған. Кәсіпорын спорт жабдықтарын сатып алуға қаржы бөліп отырады.

      Кәсіпорын ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етеді. «Ертіс бройлер құс фабрикасы» ЖШС 428 адам жұмыс жасайды, олардың 70%-ы жақын ауылдардың (Чекоман, Букенчи, Достық, Ертіс) тұрғындары болып табылады.

      Компания Ертіс өңіріндегі «Ақсақалдар алқасы» ауыл ардагерлері кеңесімен тығыз байланыста жұмыс істейді, Қарт күні, Ұлы Отан соғысының жылдығын мерекелеу қарсаңында материалдық көмек көрсетеді, Семей қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамдастығына демеушілік жасайды,  ауыл ардагерлерінің «Ақылдастар» қоғамдық ұйымына  барынша  көмек көрсетеді.

      Әр түрлі қайырымдылық шараларға қатысады:  «Семей жандандыру қоры» (жаңа мешіттің құрылысы), «Жақсылық жаса» (жағдайы төмен кісілерге көмек), кәсіпорын жұмыскерлері жағдайы төмен кісілерге көмектесу үшін қорына бір күндік жалақыларын аударып отырады.
       Кәсіпорын балалар үйінен жұмыс істеуге келген жетім балаларға 20 АЕК көлемінде біржолғы жәрдемақы төлейді.

       Жұмыскерлер қаражаты есебінен медициналық және денсаулық сақтау мекемелерінде курорттық емделуге мұқтаж қызметкерлерді қаржыландыру мынадай түрде жүзеге асады: кәсіподақтан - 30%, жұмыскерден - 40% жұмыс берушіден - 30%.

        Мерейтойлық жасқа толған кезде   (50 жыл, 60 жыл) жұмыскерлерге зауытта бар 5 -15 жылға дейін үздіксіз жұмыс тәжірибесі - 10 АЕК , 15 - 20 жылға дейін - 15 АЕК, 20 жылға дейін және одан көп жұмыс жасаған болса  - 20 АЕК сыйақы төленеді. 

        Мәдени және спорттық іс-шаралар үшін кәсіподақ органына қаражат бөлінеді.

        Жұмыскерлердің мамандықтары бойынша орташа жалақы мөлшері  78 мың теңгені құрайды.

Категория предпринемательства: 

Номинация: 

Қазақ

Год: 

2 017г.