«Пржевальское» ЖШС



                                                       Пржевальское» ЖШС

                           (Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Пржевальское ауылы)

 

 

Кәсіпорынның құрылған жылы: 2004 жыл

Қызметкерлер саны: 192 адам

Саласы: ауыл шаруашылығы

Өткен жылдардағы номинация: жоқ

 

       «Пржевальское» ЖШС – Нұра ауданының ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бірі. Кәсіпорынның 32 046 гектар жері бар. Астық өнімдерін қарқынды түрде өсіріп-өндіру тех­нологиясы жүргізіледі, жыл сайын минералды тыңайтқыштар енгізіледі, егін 100% апробаци­ядан өткізіледі.

        Кәсіпорында 2016-2020 жж. арналған ұжымдық шарт қолданылады. Кәсіпорынның жұмыскерлеріне түрлі сипаттағы әлеуметтік пакеттер ұсынылады: пішен мен астық қалдықтары жеңілдетілген бағамен жазып беріледі, ал механизаторлар тегін тамақтанады.

        2016 жылы қызметкерлерге төленетін жылдық төлемақы мөлшері 165,3 млн. теңгені құрады.

        Өндірісте жазатайым оқиғалар жоқ.

        Кәсіпорын ауылды абаттандыру бойынша көмек көрсетеді, көшелерді жарықтандыру үшін 100 көше шамы орнатылды.

        Кәсіпорынның қаражаты есебінен спорттық кешен, 4 сыныптық мектеп салынды, фельдшерлік- акушерлік пункт, ауылдық кітапхана, ауылдық клуб ғимараттары және спорттық алаңша қайта құрылды.

         Әлеуметтік жобаларға, демеушілікке және қайырымдылыққа бөлінген қаражат мөлшері 49 млн. теңгені құрады.

         Жұмыскерлердің орташа еңбекақысы 172 мың теңгені құрайды.

Категория предпринемательства: 

Қазақ

Год: 

2 017г.