«СКЗ-U» ЖШС



                                                                «СКЗ-U» ЖШС

                                              (Қызылорда облысы, Кейден ауылы)

 

Кәсіпорынның құрылған жылы: 2007 жыл

Қызметкерлер саны: 272 адам

Саласы: химиялық

Өткен жылдардағы номинация: жоқ

 

       «СКЗ-U» ЖШС күкірт қышқылы мен электр энергиясын өндіру қызметімен айналысады.

       Компания ұйымдарда еңбекті қорғау қызметінің жұмыскерлері санының нормативтеріне сәйкес еңбекті қорғау қызметін 4 жұмыскерден құралған кадрлар­мен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

       Өндірісте жарақаттанудың және кәсіби аурушаңдықтың алдын алу бойынша, оңтайлы еңбек ету және демалу тәртібін ұйымдастыру бойынша кешенді бағдарламалар бар.

       Жұмыскерлер мерзімді түрде медициналық тексеруден өтеді.

       Барлық жұмыскерлер мен олардың от­басы мүшелеріне компанияның қаражаты есебінен сырқаттану жағдайына қосымша медициналық сақтандыру ұсынылады.

       Жұмыскерлер жеке қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілген.    Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезекті аттестаттау жүргізілді.

       Ұйымдағы әлеуметтік-еңбектік қатынастарды реттейтін ұжымдық шарт бар.

       ҚР СТ OHSAS 18001-2008 «Кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйелері» та­лаптарына сәйкестік сертификаты бар.

       1 жұмыскер үшін жұмсалатын еңбекті қорғау шығындары 772 мың теңгені құрайды.

       Жылдық табыстың жиынтығынан еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі шығындарының үлесі 36%-ды құрайды.

       Өндірісте жазатайым оқиғалар болмаған.

      

Категория предпринемательства: 

Қазақ

Год: 

2 017г.