Жеке кәсіпкер «Бейсембаев»



                                                    Жеке кәсіпкер «Бейсембаев»

                                          (Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы)

 

 

Кәсіпорынның құрылған жылы: 2001 жыл

Қызметкерлер саны: 26 адам

Саласы: өңдеу өнеркәсібі

Өткен жылдардағы номинация: жоқ

 

         Соңғы үш жылда жиһаздарды жасау және өткізумен айналысатын «Бейсембаев» ЖК-де өндірістік жарақаттану жағдайлары болмаған.

         Еңбекті қорғау қызметі белгіленген норма­тивтерге сәйкес жасақталған.

         Өндірістік жарақат алу және кәсіби аурулардың алдын алу, еңбек пен демалыстың ұтымды уақыт тәртібін ұйымдастыру жөнінде кешенді бағдарламалары бар.

          Жыл сайын қызметкерлер медициналық тексеруден өткізіледі.

          Барлық қызметкерлермен жазатайым оқиғалардан қызметкерді міндетті сақтандыру келісім-шарттары жасалған.

          Жұмысшылар жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.

          Ұйымның әлеуметтік-еңбек ету қарым- қатынастарын реттейтін ұжымдық келісім- шарт бар.

Категория предпринемательства: 

Қазақ

Год: 

2 017г.