«Еуразиялық топ» ЖШС



                                                                «Еуразиялық топ» ЖШС

                                                                              (Астана қ)

 

Кәсіпорынның құрылған жылы: 1994 жыл
Қызметкерлер саны: 61 000 адам
Саласы: Тау-кен-металлургия
Өткен жылдардағы номинация: Парыз 2008, «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша 1-орын

 

       «Еуразиялық топ» ЖШС Eurasian Resources Group атынан табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы әртараптандырылған жетекші компания болып табылады.

       Компания Қазақстан аумағында: Қазхром ТҰҚ, Соколов-Сарбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі, Қазақстан алюминийі, Қазақстан электролиз за­уыты, Еуразиялық энергетикалық корпорация, Шұбаркөл Көмір және «ТрансКом» ЖШС сияқты өндірістік ERG активтерін басқаруды жүзеге асыра­ды. Бұл кәсіпорындар елдің ең ірі кәсіпорындары бола отырып, Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосуда.

       Еуразиялық топ – бұл Қазақстанның тау-кен металлургиялық секторының үштен бірін құрайды, Индустриялық – инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының көшбасшыларының бірі бо­лып табылады. Оның апғашқы бесжылдығында Еуразиялық Топ жалпы құны шамамен 2,5 млрд. доллар құрайтын 12 инвестициялық жобаны жүзеге асырды.

     Топта ұжымдық шарттарға қол қойылған және ұжымдық шарттар бойынша әлеуметтік шығындардың негізгі бағыттары: медициналық қамтамасыз ету, сауықтыру және демалысты ұйымдастыру, мәдени-көпшілік іс-шараларын өткізу, тамақтандырумен қамтамасыз ету, жұмыскерлерді жеткізу, әлеуметтік қолдау.

           2016 жылы компания өңірлерді әлеуметтік да­мытуды іске асыру бағытында жалпы құны 5,1 млрд. теңге болатын меморандумдарға қол қойды. 2017 жылы бұл сома 1 млрд. теңгеге артып, Топ 2006 жылдан беру тұрғын үй бағдарламасын іске асыруда. Бұл уақыттың ішінде кәсіпорындардың 3 мың жұмыскері тұрғын үйге қол жеткізіп, өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты. 2018 жылдың соңына дейін Қазақстанның төрт өңірінде топ жұмыскерлеріне шамамен 82 мың шарты метр тұрғын үй салу жоспарланған.

         Біртұтас жылдық табыстан еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігіне жұмсалатын шығындар үлесі 14% құрайды.

           Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі шығындары бір жұмыскерге 258 мың теңге құрайды.

          Жұмыскерлердің орташа еңбек ақысы 147 мың теңге құрайды.

          Жыл сайын шамамен 400 жаңа жұмыс орны құрылады.

Категория предпринемательства: 

Номинация: 

Қазақ

Год: 

2 017г.