Қостанай облысында Теле және радиоарналар, сондай-ақ интернет және әлеуметтік желілер арқылы (facebook, twitter, instagram, yvision және т.б.) Еңбек күні және «Еңбек жолы» конкурсының идеологиясын тарату


Қазақ

Еңбек күні және «Еңбек жолы» конкурсын мерекелеуге орайластырылған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі 2017 жылға бекітілген жоспар-кестеге сәйкес барлық мүдделі мемлекеттік органдар Мемлекет басшысының «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» идеясын ақпараттық ілгерілету жөнінде белсенді жұмыс жүргізеді.       

Жергілікті атқарушы органдардың сайттарында «Еңбек жолы» конкурсына қатысуға өтініштер қабылдау туралы ақпарат орналастырылды.

2017 жылғы маусымда «Костанай агро», «Рудненский рабочий», «Арна», «Сарыкөл», «Науырзым тынысы», «Айна», «Аманкелді арайы», «Арқалық хабары» облыстық газеттердің беттерінде «Еңбек жолы» республикалық конкурстың басталуы туралы ақпараттық хабарлама жарияланды.

«Қазақстан-Қостанай» облыстық телеарнасының «Первая студия», «Бірінші студия», «Біздің елдің жігіттері», «1001 история успеха» бағдарламаларында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан адамдар, олардың еңбек жетістіктері туралы айтылады. Есепті кезеңде барлығы 5 телебағдарлама шықты.  

«Алау» облыстық телеарнасының «Көкейтесті сұхбат» бағдарламасында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, облыстық ҚХА мүшесі К.Х. Жақып тұлға ретінде қалыптасу кезеңі, өзінің еңбек жетістіктері туралы хабардар етті.

Еңбек адамы және «Еңбек жолы» конкурсына қатысушылар туралы қоғамдық оң пікір қалыптастыру жөнінде өңір басшыларының сұхбатын, мақалаларын жариялау (Еңбек Адамының беделін ілгерілету)

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде облыстың электрондық және баспа БАҚ «Информационное продвижение идеи Общества Всеобщего Труда» арнайы лот қарастырылған. Мысалы, өңірлік баспа БАҚ «Общество Всеобщего Труда», «Человек истории - о людях труда» «Жұмыспен қамту», «Занятость», «Трудовые династии», «Человек труда», «Еңбек» тұрақты айдарлар ашылып, жұмыс істейді. Ағымдағы жылғы мамыр-майсым кезеңінде 40-тан артық материал жарияланды.  

«Қостанай таңы» газетінде «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» идеясын ілгерілетуге бағытталған бір қатар материал жарияланды: «Еңбектің көзін тапқан»,   «Өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында», «Берді қаздың бел баласы», «Бала денсаулығының сақшылары», «Қостанай суретші назарына», «Бағдары айқын бастама».

«Костанай-Агро» газетінің беттерінде «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» идеясын ілгерілетуге бағытталған материалдар тұрақты негізде жарияланады: «Общества Всеобщего Труда»: «Самат Джурбаев: Сельское хозяйство - это основа нашей жизни», «Сердечная нагрузка», «Низкий вам поклон», «Утонченный стиль» және т.б.

«Алау» телеарнасының «Көкейтесті сұхбат» бағдарламасында Қостанай облысы әкімдігі еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының маманы          К.Күлтаева «Трудовой кодекс: права и обязанности сторон трудовых отношений, разрешение трудовых споров» тақырыбында хабардар етті. 

Еңбек, ТжКБ және ЖОО ардагерлерін шақыра отырып (кәсіпорынның және өндірістің тарихымен таныстыру үшін), өндіріс кәсіпорындарында ашық есік күндерін өткізу

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында студентер мен еңбек ардагерлерінің қатысуымен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Өндірістік практика шеңберінде «Алюминстрой» ЖШС, «Баян Сұлу» АҚ, «Милх» ЖШС, «Агромаш-Холдинг» АҚ, «Лидер» ЖШС, «ССКББ» АҚ, «Рудныйсоколовстрой» АҚ, «СарыаркаАвтоПром» ЖШС және т.б. ұйымдастырылған экскурсиялар барысында студенттер өндіріс және еңбек жағдайлары туралы ақпарат алады. 

«Баян Сұлу» АҚ кондитері Н.П.Костенко, «Медео» мұз айдынының директоры Г.С.Биктасова «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» КМҚК студенттерімен кездесіп, оларға өздерінің табыс тарихтарын баяндады.

Дуалдық оқытуды іске асыру жөніндегі жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында ағымдағы жылғы мамырда Жітіқара политехникалық колледжінің әлеуметтік әріптестігі болып табылатын «Костанайские минералы» АҚ базасында семинар өтті. Семинарға студенттер, Қостанай облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директорлардың орынбасарлары, «Костанайские минералы» АҚ басқарма төрағасы, Білім басқармасының әдістемелік кабинетінің қызметкерлері, кәсіпорынның еңбек ардагерлері қатысты.

«Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезең лауреаттарының қатысуымен әлеуметтік-жауапкершілікті кәсіпорындары ұйымдастырған спорттық, көпшілік іс-шаралар өткізу

Рудны қаласында «Спорт и труд против наркотиков» ұранымен «Футбольное лето-2017» қалалық турнир, «Бумбараш-2017» балалар клубтары арасында жүзуден жарыстар, «Дети Казахстана выбирают труд» спорттық-көпшілік іс-шаралар өтті. 

Лисаков қаласында Еңбек күніне арналған «Веселые старты» өткізілді.

Жастар мен еңбек ардагерлерінің қатысуымен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізу

2017 жылғы 7 маусымда «Рудный индустриалдық институты» РМҚК мұражайында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Рудный тарихи-өлкетану мұражайы» КММ қор коллекциясынан жасалған Социалистік Еңбек Ері, электровоз машинисі А.И. Политкинаға арналған «Комбинат – моя судьба» жылжымалы көрме жұмыс істеді.

Көрмеге суреттер, құжаттар, наградалары, жеке заттары қойылып, келген адамдар комбинаттағы жалғыз әйелдің өмірімен және еңбек қызметімен танысты.  

15 маусымда № 6 кітапхана-филиалында № 18 мектептің 9 сынып оқушыларына арналған «Думай, действуй, выбирай!» іс-шара өтті. 

«Торғай аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК еңбек ардагері К.А.Сейткереевпен кездесу өтті.    

 «Қостанай әлеуметтік білім беру колледжі» мекемесінде «Все профессии хороши» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қостанай облыстық кәсіподақ төрайымы Б.Г.Иртаева кездесудің қонағы болды. Кездесу барысында мамандық туралы, өз мамандығын жетілдіру қажеттілігі, ҚР Еңбек кодексінің кейбір баптары түсіндірілді. 

Еңбек күнін мерекелеуге арналға өзге шаралар

2017 жылғы 16 маусымда «Жастар ресурстық орталығы» КММ Рудный қаласының 60 жылдығына және «Тың-Целина 2017» XXXII облыстық спартакиадасын өткізуге арналған «60 лет в колесе истории» жастар акциясын ұйымдастырды. Акцияға «Еңбек жолы» конкурсының лауреаттары тартылды. Акция «сеңбілік» форматында өткізіліп, патриотизм рухында тәрбиелеуге, еңбек мәдениетін қалыптастыруға, қоғамда Еңбек адамының беделін арттыруға бағытталды.  

Лисаков қаласында Еңбек күніне арналған «Мамандықтардың бағыттары» - «Радуга профессий» мерекелік бағдарлама өтті.     

 

 

 

Рубрика: