Қазақстандағы конкурстың 10 жылдығына арналған Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі «Парыз» конкурсын ұйымдастыруға Солтүстік Қазақстан облысында дайындық жүргізілуде


Қазақ

Ағымдағы жыл басынан бері уәкілетті органдар, сондай-ақ аудандар мен Петропавл қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің (бұдан әрі – бөлімдер) мамандары ақпараттық жұмыстар жүргізу үшін әлеуметтік әріптестік және бизнестің әлеуметтік жауапкершілік принциптерін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Облыстың кәсіпорындары мен ұйымдары басшыларын ақпараттандыру және конкурсқа қатысуға ынталандыру мақсатында басқарманың (http://ukzsp.sko.gov.kz) сайтына 9 жылдағы облыстық және республикалық турлардың лауреаттары туралы ақпарат орналастырылды, өңірлік «Солтүстік Қазақстан» және «Северный Казахстан» (17.06.2017 жылғы №68) газеттерінде мақалалар жарық көрді, «Қазақстан - Петропавл» (http://petropavl.kz 21.06.2017 жылғы., 22.06.2017 жылғы, 23.06.2017 жылғы, 29.06.2017 жылғы) өңірлік телеарнасында республикалық конкурс лауреаттары туралы жаңалық сюжеттері көрсетілді (https://cloud.mail.ru/public/7dwy/PPsyZ8dJR сілтемесі бойынша жүктеу).

Сондай-ақ, аудандық, қалалық жұмыпсен қамту бөлімдері аудан бөлімдері мен әкімдіктерінің сайтына ақпарат орналастырды, өңірлік газеттерде екі тілде мақала жариялады, конкурсты түсіндіру туралы жұмыс берушілермен кездесулер өткізді.

Қазіргі кезде бөлімдері конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдайды. 2017 жылғы 5 шілдедегі жағдай бойынша облыс кәсіпорындары мен ұйымдары 8 ауданда және Петропавл қаласында үш номинация бойынша 16 өтінім қабылдады.

Осы бағыттағы жұмыс бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын ұйымдастыру және оны өткізу бойынша іс – шаралар жоспарына сәйкес жалғастырылатын болады. 

Рубрика: