Хабарландыру



Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің  2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсты 2016 жылы ұйымдастыру басталғанын хабарлайды.

      Конкурс жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейлерде екі кезеңде өткізіледі. Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады.

     Конкурстың лауреаты атағына үміткерлер материалдарды ресімдейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына қағаз және электронды жеткізгіштерде ұсынады.

       «Парыз» конкурсы жөнінде толық ақпарат алуыңыз үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламарал басқармасына немесе 8 (7172) 74-35-11 тефоны арқылы ҚР ДСӘДМ Әлеуметтік әріптестік басқармасына хабаласуыңызды сұраймыз.

Қазақ