Астанада «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсының лауреаттары марапатталды



Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығымен «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсы жарияланды. Ағымдағы жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, ҚР Энергетика министрлігімен және ҚР Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп байқауды жетінші мәрте өткізеді.

Биылғы жылы республикамыздың барлық өңірлерінен 584 кәсіпорын конкурсқа қатысуға өтінім берген. Салыстырып көрсек 2013 жылы - 534; 2012 жылы – 525; 2011 жылы – 509; 2010 жылы – 434; 2009 жылы – 321; 2008 жылы – 296 өтінім түскен еді. Өткізіліп отырған конкурсқа қатысушылар санының  өсуі қазақстандық компаниялары бизнестің әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қолданатынын дәлелдеп отыр. Конкурс өткізіле бастағаннан бері  2,5  мың шағын, орта және ірі бизнес кәсіпорындары қатысқан. 

 «Парыз»  конкурсына қатысуға берілген өтінім саны бойынша  Қостанай облысы көш бастап тұр, мұнда  69 кәсіпорын конкурсқа қатысу ниетін білдірген, Шығыс Қазақстан облысынан 56 қатысушы және Павлодар облысынан 50 үміткер бар.

Субъектілердің басым саны «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша байқалады. Осы номинацияға 261 кәсіпорын өтінім берген. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» жаңа номинациясына 98 кәсіпорын қатысуда. «Үздік ұжымдық шарт» номинациясына 114 кәсіпорын өтінім берген. «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша 111 өтінім келіп түскен.

Конкурстың «Парыз» Гран-при» ең жоғары жүлдесі өз жұмысында және корпоративтік  әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік принциптерін іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.

 

2014 жылғы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі

конкурсының лауреаттары

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ «ГРАН-ПРИІ»

 

 «Қазгермұнай» БК» ЖШС

Қызылорда облысы

 

 

 

 «ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІ-ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ КӘСІПОРЫН» номинациясы

Ірі кәсіпкерлік субъектілері

1.

«Варваринское» АҚ

Қостанай облысы

2.

«Шұбаркөл көмір» АҚ

Қарағанды облысы

3.

«Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ

Астана

 

Орта және кіші кәсіпкерлік субъектілері

1.

«Зайсан-Нұр-Сервис» ЖШС

Шығыс Қазақстан облысы

2.

«Агросевер» ЖШС

Солтүстік Қазақстан облысы

3.

 «Джумагулова Б.М.» ЖК

Батыс Қазақстан облысы

 

«ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК КӘСІПОРЫН» номинациясы

 

Ірі кәсіпкерлік субъектілері

1.

«Азия Авто» АҚ

Шығыс Қазақстан облысы

2.

«Агротехмаш» ЖШС

Қостанай облысы

3.

«Павлодарский нефтехимический завод» ЖШС

Павлодар облысы

 

Орта және кіші кәсіпкерлік субъектілері

1.

«Сазанкурак» ЖШС

Атырау облысы

2.

«БАСФ Центральная Азия» ЖШС

Алматы қаласы

3.

«Крендель» ЖШС

Павлодар облысы

 

«ҮЗДІК ҰЖЫМДЫҚ КЕЛІСІМ» номинациясы

Ірі кәсіпкерлік субъектілері

1.

«Эмбамунайгаз» АҚ

Атырау облысы

2.

«Цементный завод Семей» ЖШС

Шығыс Қазақстан облысы

3.

«Тыныс» АҚ

Акмола облысы

 

Орта және кіші кәсіпкерлік субъектілері

1.

 «Жайық Жарығы» ЖШС

Батыс Қазақстан облысы

2.

«Сенім» ЖШС

Солтүстік Қазақстан облысы

 

3.

«ROLA-7» ЖШС

Жамбыл облысы

 

«ЭКОЛОГИЯҒА ҮЛЕСІ ҮШІН» номинациясы

Ірі кәсіпкерлік субъектілері

1.

«Соколов-Сарбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ

Қостанай облысы

2.

«Стройдеталь» ЖШС

Ақтөбе облысы

3.

«Радуга» ЖШС

Солтүстік Қазақстан облысы

 

Орта және кіші кәсіпкерлік субъектілері

1.

«Ахмутдинов» ЖК

Солтүстік Қазақстан облысы

2.

«Эко-Техникс» ЖШС

Манғыстау облысы

3.

«Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС

Батыс Қазақстан облысы

 
 
 
 
 

 

Қазақ