Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығымен «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсы жарияланды. Ағымдағы жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, ҚР Энергетика министрлігімен және ҚР Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп байқауды жетінші мәрте өткізеді.

09.01.2015 - 16:06

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін, сол секілді тұтас алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру, осы саладағы қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату мақсатында Мемлекет басшысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі 2008 жылдан бастап жыл сайын өтетін "Парыз" конкурсы бекіткен болатын.

09.01.2015 - 16:03

Конкурстың  ұйымдастырушылары – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мұраг.), жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің мұраг.), Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы, облыстық және Алматы, Астаны қалаларының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі - ЖАО).

Конкурс номинациялары:

«1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».

09.01.2015 - 16:01

Ақмола облысы
«Парыз» Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсты ұйымдастыру шеңберінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы нысаналы аудиториялармен жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі күні конкурсқа қатысу үшін 23 кәсіпорын ниет білдірді.
Ақтөбе облысы

19.09.2013 - 15:04

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурс 2013жылдан бастап жүргізілетінін хабарлайды.
 

13.09.2013 - 15:34