Жаңалықтар

6 желтоқсанда Еліміздің ең беделді марапаттарының бірі - «Парыз» және «Алтын сапа» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме –байқауының жүлделері табысталды.

 Аталған шараны жыл сайын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Кәсіподақтар федерациясымен бірлесе отырып өткізіп келеді. Бұл байқауға биыл 10 жыл. Сондықтан, ерекше мәртебемен «Парыз: табыстың 10 жылы» деп аталды. 

09.02.2018 - 16:16

Баспасөз хабарламасы

2.05.2017 ж.                                                                                                                 Астана қ.

Елімізде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» және еңбек әулеттері мен өндіріс еңбеккерлері арасындағы «Еңбек жолы» байқауларына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды. Бұл туралы, бүгін, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі брифинг барысында вице-министр Біржан Нұрымбетов хабарлады.

03.05.2017 - 19:24

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттары бойынша 2016 жылғы 15 тамыздың жағдайына республикада өтініштердің жалпы саны 375:

Ақмола облысы – 23;

Ақтөбе облысы – 35;

Алматы облысы – 31;

Атырау облысы – 15;

Батыс Қазақстан облысы – 31;

Жамбыл облысы – 1;

Қарағанды облысы – 22;

Қостанай облысы – 11;

Қызылорда облысы  – 13;

Маңғыстау облысы – 7;

Оңтүстік Қазақстан облысы – 4;

Павлодар облысы – 41;

Солтүстік Қазақстан облысы – 32;

Шығыс Қазақстан облысы – 40;

16.08.2016 - 12:43

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің Бұйрығымен (2016 жылдың 28 сәуірінің №335) 2016 жылы «Парыз» конкурсын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Жоспары бекітілді.

         Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттары бойынша 2016 жылғы 15 шілденің жағдайына республикада өтініштердің жалпы саны 229:

Ақмола облысы – 22;

Ақтөбе облысы – 46;

Алматы облысы – 18;

Атырау облысы – 15;

Батыс Қазақстан облысы – 15;

Жамбыл облысы – 0;

Қарағанды облысы –10;

Қостанай облысы – 2;

Қызылорда облысы  – 3;

25.07.2016 - 16:45

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің  2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсты 2016 жылы ұйымдастыру басталғанын хабарлайды.

28.01.2016 - 15:47